• Вс. Июн 1st, 2025
Популярные метки

ТӨЛЕБИ:«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

Автор:admin

Май 30, 2025
Spread the love

2025 жылдың 30 мамыр күні еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету.
Төлеби ауданында акция аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов, аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғани Байарыстан, Төлеби ауданының прокуроры Дастан Мырзағали, Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасы, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында тұрғындар әкімдікке қарасты дербес бөлім, мекеме мамандарынан, өңірдің ең үздік заңгерлері мен адвокаттарынан заң, құқық қорғау төңірегінде туындаған барлық сұрақтарын қойып, шешілмеген даулар бойынша тегін кеңестер алды.
Іс-шара соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика