• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ — НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Автор:admin

Июл 31, 2024
Spread the love

Бүгінде Әл-Фараби ауданы бойынша ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 316 көшесі асфальт болса, 74 көшесін тас жолды құрайды. Жалпы, 2024 жылдың қортындысымен асфальтталған 366 көшемен 94%-ға жету жоспарда.
Ауданның жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелерді де қамту мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылы 38 көшеге асфальт жол салу жоспарлануда.
2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде аудан әкімдігі тарапынан 66 балалар ойын алаңшасын, 4 ашық спорт алаңшасын, 3 аумаққа гүлзар салу жоспарлануда. Жалпы 118 көше жарықтандырылады.
Сонымен қатар, 38 көшеге (13 шақырым) асфальт, 58 ішкі орам көшелері (21 шақырым) мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол және 20 көшеге ирригациялық жүйелер салынады. 427 көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы асфальт жолдары ретке келтіріліп, ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
– Қалаға жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында 20 көпқабатты үйдің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. 20 көпқабатты үйдің қасбетін жарықтандыру, 7 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне Мурал салу және 22 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмыстарын атқарып, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жоспарлануда. Аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен 657 дана темір қоқыс жәшігі, 680 дана қоқыс контейнері орнатылады, – деді Рашид Мамытұлы.
Бүгінгі таңда «Әл-Фараби» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2023-2024 жылдары 34 жаяу жүргінші жолдардындағы тастар, 170 үй ауласындағы орындық тақтайшалары ауыстырылып, істен шыққан жабдықтар, қоқыс жәшіктері, қоршаулар қалпына келтірілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика