• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Автор:admin

Май 22, 2024
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы өтті.
Тұрғындардың жеке арыз-өтініштері бойынша «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Б.Тулегенов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының маманы, Әділет департаментінің тіркеу бөлімінің бас маманы С.Алимкулов,
Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің іс-құжаттары бойынша инспекторы Н.Мырзабай және Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева қабылдады.
Айта кетейік, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың негізгі мәселелерін сараптап, партия тарапынан оларға жан-жақты қолдау көрсету үшін ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Олардың негізгілері – инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға жағдай жасау және қоғамдық орындарда кедергісіз орта қалыптастыру.
Бүгінгі қоғамдық қабылдау барысында әрбір тұрғынға заң аясында түсініктеме беріліп, бірқатар көтерілген мәселелер бақылауға алынып, оң шешімін тапты.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін биыл 1 шілдеден бастап мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға; бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға 14,5% — ға арттырылатын болады. Жыл басындағы жәрдемақылар мөлшерінің 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жиынтығында төлемдер мөлшері жылдық мәнде 23%-ға ұлғаяды.
Еске салар болсақ, «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек!» партиялық жобасы аясында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қамқорлық» №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмыс барысымен танысқан болатын.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика