Қаратау ауданы әкімі – Р.Мүлкеманов ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде «AMANAT» партиясы ғимаратында кезекті рет жазылған азаматтарды қабылдады.
Тұрғындардың кейбірі денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналасу сияқты жеке мәселелерін айтса, енді бірі спорт кешенін салу, газ және ауызсу тарту, мектеп пен жол құрылысы туралы сөз қозғады.
Қабылдауда қозғалған ұсыныс-пікірлер, өтініштер, түрлі сауалдар назардан тыс қалмайды. Әрқайсысы мемлекеттік органдардың тарапынан толық зерделенеді, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады. Көп сұрақтың жауабы қабылдау барысында берілді.
Аудан басшысы «Сайрам» тұрғын алабының ауыз су тартуды сұрап келген тұрғынына аталған мәселе бойынша жұмыстар жүріп жатқанын, келер жылы толыққанды шешілетінін алға тартты.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар әкімдікке жазбаша өтінішпен немесе 77-45-64 байланыс телефоны арқылы аудан әкімінің қабылдауына жазыла алады.
