Сайрам аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Алихан, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Отбасын қолдау орталығымен” бірге дөңгелек үстел өткізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдермен қабылдау жүргізді.
Шараның мақсаты отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету болып табылады. Шарада бүгінгі таңда көптеп орын алып жатқан ерте жүктілік жайттары мен отбасындағы әлімжеттік қылмыстарының алдын алу мен күресу жолдары талқыланды.
Келген әрбір тұрғынға полицейлер құқықтық және психологиялық сауаттылықтарын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кұқық бұзушылық дерегі орын алған жағдайда полицияға дереу хабар беруді ескертті. Осылайша қабылдауға келген әйелдер іс-шара аясында, полицейлердің көмегіне жүгініп, көкейтесті сұрақтарына жауаптарын алды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.