Бүгін ауданымызда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған республикалық «Халық заңгері» акциясы өткізілді.
Шара аясында тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беріліп, заң саласының білікті мамандары атап айтсақ, Түркістан, Қызылорда обыстары бойынша аймақ аралық Заң кеңесшілері палатасының Заң кеңешілері, прокуротура қызметкерлері және білікті заңгерлерлер түрлі мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді. Азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жер мәселелері, еңбек және отбасылық құқық бойынша нақты мәліметтер алды.
Акция халықтың құқықтық мәдениетін көтеруге, заңға деген сенімді нығайтуға және өз құқықтарын тиімді қорғауға көмектесетін маңызды бастама болды.
Акцияға келген тұрғындар өздерін мазалап жүрген көптеген сұрақтарға нақты әрі заңды жауаптар алды. Мамандар кейбір күрделі жағдайларда заңды тұрғыда қалай әрекет ету керектігін түсіндіріп, қажетті құжаттарды дайындауға көмектесті. Қабылдаулар жеке және құпия түрде ұйымдастырылды, бұл азаматтардың еркін әрі ашық пікір білдіруіне мүмкіндік берді.
