Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев жұмыс жоспарына сай аудан тұрғындарына кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Тұрғын-үй, жер қатынастары, құрылыс, білім саласы мен Полиция қызметіне қатысты мәселелермен жүгінген тұрғындар аудан әкімі және жауапты мамандардан қанағаттандырарлықтай жауап алды.
Кейбір мәселе бойынша, Асқар Сұлтанұы нысан басына барып, жауапты мамандармен зерделеп, нақты шешім қабылданатындығын атап өтіп, көтерілген мәселелер Заңды шешімін тапқанша бақылауда тұратындығын жеткізді.
Жеке қабылдаудан соң, аудан басшысы тиісті мамандармен тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында мәселе көтерілген жерлерге арнайы барды.
Бірінші кезекте, аудан орталығына қарасты Садықов көшесінің қиылысындағы №9 үйде болып, ол жерде өтініш иесінің арық суы үй ауласына кірмейтіндей қылып жағдай жасау мәселесін жауаптылармен пысықтады. Нәтижесінде есік алдындағы арық терендетіп қазылып, бойы толық бетондалатын болды.
Содан соң, Асқар Сұлтанұлы Тастұмсық елді мекеніне ат басын бұрып ол жерде жергілікті кәсіпкерлердің өтінішіне сәйкес, КХ-69 облыстық маңызы бар жол бойындағы ауыр жүк көліктер кіруге кедергі болып тұрған екі бағананың орның ауыстыру мәселесін жауаптылармен талқылап, тиісті мекеменің қажетті техникалары мен жұмысшылары босаған сәтте реттелетін болып шешілді.
Қоса кететін, Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы барлық азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді әрекет етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.
Бұл ретте Президент мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен жергілікті жерлердегі шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екендігіне назар аударды.
Отырыста халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысындағы проблемалар негізінде әзірленген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру тәсілдері таныстырылды.
Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылына азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу жүйелілігінің және мемлекеттік органдардың проактивтілігінің болмауы әсер етеді.
Айта кетерлігі, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаты – билік пен халық арасында конструктивті диалог орнату.
2019 жылы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел және тиімді жауап беруге бағытталуы керек екенін атап өткен болатын.
«Жасыратыны жоқ, мемлекеттік аппарат қызметіндегі мәселелер көп жағдайда биліктегілер мен азаматтар арасында кері байланыстың жоқтығына қатысты болып келеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру. Сондықтан, бұл тұрғыда тұрғындардың пікірі барынша ескерілуі тиіс.
Бұл бастамалар азаматтық қоғамды дамытуға негіз болады. Қазіргі шаралар аяқ астынан мәжбүрліктен қолға алынған жоқ. Ол – елімізді демократияландыруға, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған саясаттың жемісі», деп жазды Мемлекет басшысы өз мақаласында.
Қандай да бір қоғам өркендеп дамуы үшін араларында диалогтың болу маңызды. Бір-бірінің пікірімен, көзқарасымен санаспаған, тыңдамаған, естімеген елдің ертеңі бұлыңғыр. Оны тарих талай дәлелдеді. Халық билікке, билік халыққа арқа сүйегенде ғана болашақтың таңы арайлап атады.
