Түркістан қаласында ХҚТУ-дің Клиника-диагностикалық орталығының қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараға Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Әуезханов және теолог маман Нуритдинов Бахауаддин қатысты. Теолог маман өз сөзінде елімізде интернетте, соның ішінде жастар арасында кеңінен қолданылатын әлеуметтік желілер мен YouTube видеоресурстарында деструктивті діни ағымдардың насихаттары жиі таралып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы ақпараттарды пайдалану және тарату кезінде абай болудың маңыздылығын түсіндірді.
Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпараттарды іздегенде тек ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды ғана оқуға болатындығы ескертілді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, дінтанушы маман толыққанды жауап берді.
