• Вс. Авг 3rd, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӨНДІРІС ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Автор:admin

Авг 2, 2025
Spread the love
Түркістан облысында өндіріс орындарының қатары артып, өнеркәсіп саласында оң өзгерістер байқалады. Соның ішінде кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып жатқан Сарыағаш ауданын ерекше атап өтуге болады. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барып, өңірдің тыныс-тіршілігін бақылап, өндіріс орындарын аралады. Облыс басшысы ең алдымен профил пластик өндіретін ЖК «Ерғали» жеке кәсіпкерлік нысанының жұмыс жүйесімен танысты.
2017 жылы ашылған цехта есіктер мен терезелерге арналған және өзге де салаларға қажетті пластик пен профиль өнімдері шығарылады. Тауарлары ел ішінен бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттеріне экспортталады. Мұндағы жабдықтар мен қондырғылар Италия және Ресей мемлекеттерінен әкелінген.
Кәсіпорын жетекшісі цехтың жұмыс жүйесін баяндап, өндірілетін тауар түрлерімен таныстырды. Нұралхан Көшеров өндіріс орнын аралап, өңірде кәсіпкерлік саласын одан әрі дамыту бағытында жан-жақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Кәсіпкер кәсібін кеңейтетін болса, тиісті қолдау болатынын айтты.
Облыс әкімі ауданға қарасты Жібек жолы елді мекенінде орналасқан “Бесқара” ЖШС-нің мал сою бекетінің жұмысымен танысты.
Бұл кәсіпорын тәулігіне 128 ірі қара, 600 бас уақ мал союға қауқарлы. 30 тұрғын жұмыспен қамтылған. Заманауи кешен биыл пайдалануға берілді. Ірі қара малдар Орталық және Солтүстік Қазақтан облыстарынан тасымалданып, арнайы орында сойылады. Ал дайын болған өнім еліміздің барлық өңірлеріне және “Нәрлен” ет өңдеу цехына жөнелтіледі. Сонымен бірге ет өнімдері Өзбекстан еліне экспортталады.
Аралау жұмыстары аудандағы «Сарыағаш ТСЖ» су тазалау-дайындау кешенінде жалғасты. Мұнда тұрғындары таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіледі. Облыс әкімі ауыз сумен қамту өзекті мәселе екеніне тоқталды. Кешенге жауапты өкілдермен жүздесті. Жер аумағы – 5,2 гектар. Мұнда 15 дана су сорғы орнатылған. Тәулігіне 14 500 м3 таза ауыз су шығарылады. 2 таза су қоймасы қарастырылған. Сонымен қатар ауыз судың сапасын қадағалайтын химия-бактериологиялық зертханасы жұмыс істейді. Мұнда барлық қажетті құрал-жабдықтар бар. Жалпы елді мекендерде 16 насос стансасы мен 42 таза су қоймасы және 14 қысымды су мұнарасы қызметін жалғастыруда. Аталған су тазарту кешені Сарыағаш, Келес аудандарына қарасты 25 елді мекенді оның ішінде 24 548 абонетті таза ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Нысан басында Сарыағаш ауданын сумен толық қамту мәселесі қаралды. Нұралхан Оралбайұлы ауыз су мәселесі өзекті мәселе екенін айтып, мамандарға осы бағыттағы жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика