«Түркістан-Тараз» автожолында түнгі патрульдеу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының инспекторлары жол жиегінде авариялық сигналын қосып тұрған «Toyota Prado» маркалы автокөлікті байқады.
Оқиға орнына жеткен полиция жүргізушіден көлігінің доңғалағы жарылғанын және ақаулықты өздігінен түзете алмайтынын анықтады. Тәртіп сақшылары ер адамға қажетті көмек көрсетіп, көліктің доңғалағын ауыстыруға жәрдемдесті.
Өз кезегінде жүргізуші мен оның жолаушысы полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, одан әрі жолын жалғастырды, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.