• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысы денсаулық сақтау саласы бойынша жетістіктер

Автор:admin

Ноя 4, 2023
Spread the love

Түркістан облысында науқастардың іш қуысы мен бүйрек органдарын, тыныс алу және сүйек жүйелерін диагностикалау үшін 12 медициналық ұйымдарға компьютерлік томография (КТ) құрылғысы 2018-2022 жылдары аралығында бюджет есебінен сатып алынды. Оның ішінде екі облыстық аурухана (облыстық клиникалық және балалар ауруханасы), үш қалалық (Түркістан қалалық және балалар ауруханасы, Кентау қалалық ауруханасы), бес аудандық ауруханаға (Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Сайрам, Отырар, Бәйдібек, Ордабасы аудандық ауруханалары) орнатылды.

Түркістан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жарақтандырылу деңгейін көтеру мақсатында 2022 жылы Облыстық балалар ауруханасына ангиографиялық жүйе, күйікке қарсы жиынтық, Түркістан қалалық ауруханасы мен Сарыағаш және Сайрам аудандық ауруханаларына мобильді ангиография, Сауран аудандық емханасына флюорографиялық сандық аппаратты СК-фармация базасында сатып алынды.

Бұдан бөлек, жалпы сипаттағы трансферттерден медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Жалпы алғанда 2021 жылдың 12 айлығымен (82,2 пайыз) салыстырғанда 2022 жылы медициналық ұйымдардың жарақтандырылу деңгейі 1,89 пайызға (2018 жылмен салыстырғанда 84,09 пайыз) өсті.

2019-2023 жылдары облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына 137 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынып, 96 пайызға жаңартылды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша 2018-2023 жылдары аралығында 101 медициналық пункт, 11 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, облыс тұрғындарының игілігіне берілді. Сондай-ақ, облыстық жедел жәрдем станциясын нормативке сәйкестендіру мақсатанда Түркістан қаласында 2022 жылы 25 бригадаға арналған жедел жәрдем станциясы халық игілігіне пайдалануға тапсырылды. Сондай-ақ, Түркістан қаласында заманауи перзентхана салу үшін Біріккен Араб Әмірлігімен (Абу-Даби қорынан)келіссөздер жүргізілді. Қазіргі таңда 80 төсек-орынға арналған перзентхана құрылыс жобасына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жерді лайындау жұмыстары басталып қазаншұнқыр (котлован) қазылуда және аумағын қоршау жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылысына тапсырыс беруші – Түркістан әлеуметтік корпоративтік қоры, демеуші Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қоры.

Түркістан қаласындағы 570 төсек-орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысы 2020 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында Түркістан қаласы, 160 квартал, 357 телімінде (15,63 га жер учаскесі) басталды. Жоба бойынша бүгінгі таңға дейін құрылыс-монтаждау жұмыстары 40 пайызға аяқталып, 2023 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда. Тапсырыс берушісі – «ATM TURKISTAN HOSPITAL» ЖШС. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 15 фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы жүргізілуде.

Амбулатроиялық-емханалық көмектің халыққа қолжетімді әрі сапалы болу үшін Шардара аудандық емханасына қосымша ауысымна 150 келушіге араналған жапсарлас ғимараты халық игілігіне пайдалануға берілді.

2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының «Шалғайдағы өңірлерге Денсаулық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы үш жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету» тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдың соңында 11 елді мекенді медициналық пункттермен қамтамасыз етілді.

Бұдан басқа 2023 жылға жоспарланған 4 аудандық орталық ауруханаларды (Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай) қайта көпбейінді аудандық аурухана етіп қайта құру (күрделі жөндеуден өткізу) жоспарлануда.

Қорыта келе Түркістан облысында денсаулық сақтау саласы бойынша метериалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі жылдан жылға өсуде, ал инфрақұрылымы жыл санап ескі нысандардың орнына типтік заманауи ғимараттар салынуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика