• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ БАҒЫТЫНДАҒЫ ИНВЕСТ-ЖОБАЛАР ҚҰНЫ 43,6 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Автор:admin

Сен 12, 2024
Spread the love
Түркістан облысының туризм бағытындағы инвест-жобалар құны 2024 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша 43,6 млрд. теңгені құрады.
Тамақтану және ойын-сауық ОКЭД-тері бойынша 2023 жылғы инвест-жобалардың жалпы құны 53,5 млрд. теңгені құраған болса, 2024 жылдың 7 айында 43,6 млрд. теңге қаржыға жетіп отыр. Нәтижесінде, Түркістан облысы туризм саласындағы негізгі капиталға инвестиция салған ТОП-5 өңірдің ішінде Астана және Алматы қалаларынан кейін 3-орында тұр.
Жалпы, 2024-2025 жылдарға жалпы құны 49,3 млрд. теңгеге 47 инвест жоба жүзеге асуда. Олардың ішінде: қонақ үйлер, демалыс орындары, аквапаркімен қоса 5 жұлдызды қонақ үй және апартаменттер бар. Туристерге жайлы және қолайлы жағдай жасау мақсатында салынып жатқан жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы – ерекше назарға алынған.
Туризм саласындағы негізгі капиталға салған инвестиция көлемінің жыл сайын артқандығы байқалады. Инвесторлардың туризм саласына бөліп жатқан қызығушылығы – өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беруде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика