• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Июл 20, 2023
Spread the love

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз орталығында облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде прокурор жыл басынан бергі атқарылған жұмыстармен қатар, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елімізде 2023 жылдан бастап азаптаумен байланысты істерді тергеп-тексеру прокурорларға жүктелген болатын. Бұл бағытта жергілікті жерлерде кезекші прокурорлардың жұмысы жандандырылып, құқық қорғау органдарының ғимаратына кіріп-шығу жағдайына бақылау күшейтілді. Соңғы 6 айда прокуратураға азаптауға қатысты 25 арыз тіркелген. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде сот үкімімен азаптауға жол берген Ордабасы аудандық полиция басқармасының 4 полиция қызметкерібас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді Мұрат Әжінұрұлы.
Сондай-ақ, прокуратураның ықпалымен құқық қорғау органдарының ғимараттарында соқыр аймақтарды жою мақсатында 3 мыңнан асабейнежазу камералары орнатылған, оның 1,5 мыңнан астамыағымдағы жылдың мамыр айында қойылды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасының үйлестіру шараларымен ағымдағы жылдың 6 айы ішінде қылмыстық құқық бұзушылық 14,9%-ға азайған. Қылмыстық процестің үш буынды моделі аясында негізгі процестік шешімдерді зерделеу барысында прокуратурамен 65 азаматтың құқықтары қорғалған.
Қоғамдық мүддені қорғау саласында 51 мың тұлғаның құқықтары бұзылғаны анықталып, оларға тиісінше қызмет көрсетілген. Нәтижесінде, жұмысшыларға 2,1 млрд. теңге жалақы қарыз өндірілсе, енгізілген қадағалау актілерімен 1664 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған. Бюджетке 260 млн. теңге өндіріліп, 833 млн. теңгеге мүлік мемлекет меншігіне қайтарылған.
Мемлекет басшысы прокуратура органдарына инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде нақты тапсырма берген еді. Осы жобалар арқасында, прокурорлардың ықпалымен 33 мердігерді негізсіз сот орбитасына тартқан әкімдіктің 17 лауазым иелерітәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты облыс прокуроры.
Мемлекеттік сатып алу бағытында жалпы көлемі 7 млрд. теңге болатын конкурстардың күші жойылған. Осы жұмыстармен қатар, атқарушылық іс жүргізу саласында біршама нәтижелерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, бюджетке 149 млн теңге өндіріліп, алимент бойынша 100 млн. теңгеден астам берешек өтелген. Сондай-ақ проблемалық өндірістердің саны 42% азайса, 170 борышкер жұмыспен қамтылған. Ал, алимент төлеуден жалтарған 3 борышкер сотқа айыптау актісімен беріліп, оның ішінде 2-і жазаға тартылған.
Облыс прокуроры пробациялық жұмыстардың нәтижесімен де бөлісті. Оның мәліметінше, өңірлерде 17 жұмысшы топ құрылып, оларға сотталғандарды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету міндеттері жүктелген. Нәтижесінде, қайта қылмыс жасау 12%-ға төмендесе, ал оларды жұмысқа орналастыру 47% өскен. Құқықтық көмек алғандар саны 2 есеге артып, оңалтуға 7,2 млн. теңге бөлінген.
Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Түркістан облысының прокурорына елді алаңдатқан сауалдарын қойып, тиісті жауабын алды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика