• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысының полицейлері саябақта адасып жүрген бүлдіршінді анасымен қауыштырды

Автор:admin

Апр 4, 2024
Spread the love

Түркістан облысының патрульдік полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде «Жеңіс» саябағы ішінде жалғыз жылап жүрген бүлдіршін баланы байқайды.
Мән-жайды анықтау үшін полицейлер 4 жастағы балақайдың жанына барып ата-анасы мен мекенжайын сұрайды. Алайда тілі толық шықпаған бүлдіршіннен нақты жауап ала алмайды. Содан тәртіп сақшылары адасқан баланың ата-анасын іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері баланың ата-анасын жедел түрде тауып, дін аман табыстады.
Белгілі болғандай, кішкентай бүлдіршін үлкен ағасының үйден шыққанын көріп, артынан ілескен.
«Үлкен ұлым үйден шыққанда ашық тұрған есіктен көшеге шығып кетіпті. Даусы шықпай, үй маңайынан көрінбеген соң іздей бастадым. Шарасыз күйде тұрғанымда полиция қызметкерлері хабарласып, баламды адасып жүрген жерінен тауып алағанын айтты. Полиция қызметкерлеріне мың алғыс айтамын»- деді балақайдың анасы.
Полиция қызметкерлері бүлдіршіннің анасымен профилактикалық жұмыстарды жүргізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика