Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, 156 құқық бұзушылықты анықтады. Браконьерлерден 580 кг балық, шамамен 1500 м балық аулау торлары, қайықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Заңсыз балық аулаушыларға бақылау балықтың уылдырық шашатын кезеңінде күшейе түседі. Дегенмен бәрібір табиғат байлығына қиянат жасаушы қаскөйлер азаймай отыр.
Мәселен тәртіп сақшылары балық инспекторларымен бірлесіп, Ордабасы ауданынан Арыс қаласының екі тұрғынын анықтады. Олардан қайық пен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.
Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері Бөген, Көксарай және Шардара сияқты өзендер мен су қоймаларын қараусыз қалдырған қайықтар мен балық аулау торларынан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Биылғы жылы браконьерліктің алдын алу және болдырмау үшін құқық қорғау органдарымен және табиғат қорғау мекемелерімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленіп, заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында рейдтік шаралар жүргізілуде.
Уылдырық шашу науқаны аясында, мамандар, су айдындарында кез келген балық аулау құралдары мен катерлерде, моторлы қайықтарда және уылдырық шашатын жерлерде қозғалтқыштары қосылған басқа да жүзу құралдары болмауын қадағалайды. Заңға бағынбаған тұлғалар анықталған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі