• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ (-3-)

Автор:admin

Июн 17, 2024
Spread the love

Соңғы жинақталған мәліметтерге сәйкес мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдері және құрылған маусымдық өрт сөндіру бекеттері 1 527 629 халық тұратын 656 елді мекенді өрттен қорғауда. Өртке қарсы күрес, техникамен, бекетпен қамту жұмыстары жанданады.
Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болуы қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың, өрттің алдын-алу шаралары ұйымдастырылады.
Дала алқаптарда өрттердің себептері әртүрлі: демалыс орнында қараусыз жағылған күйінде қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды.
Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, бүлінген орман учаскелерінің, шымтезекті батпақтың маңында, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіру, топырақпен көму немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек.
Өрттің туындауының басты себептері: көктен жерге найзағайдың түсуі, шөп ору науқаны кезінде автотракторлардың өрт сөндіргіш қалқаншаларының болмауы. Сондықтан өрт қауіпінің алдын алу шараларының төменде көрсетілген ережелерін сақтау табиғатымызды үлкен шығын қасіреттен сақтайды.
— От жағылған жағдайда сөндірусіз қалдыруға мүлдем болмайды;
— Сөнбеген темекі қалдықтары мен сіріңкелерді тастауға болмайды;
— Тиісті арналмаған жерлерде от жағуға болмайды;
— Егіс алқаптарында шөптер мен қамыстарды өртеуге болмайды;…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика