Полицейлер тарапынан жүргізілген түсіндіру шаралары мен ескертпелерге қарамастан, бірқатар түлектер кортеж ұйымдастырғаны белгілі болды.
Мәселен Түлкібас ауданында Шымкент қаласы түлектерінің көліктердің терезелерінен шығып жүргені үшін тоқтатылса, дәл осындай дерек Ордабасы, Қазығұрт аудандарында да орын алды.
Кортеждегі «TOYOTA CAMRY»,«TOYOTA LAND CRUISER» және «TOYOTA CAMRY» т.б. маркалы қымбат автокөліктердің барлығына дерлік әкімшілік шаралар көрілді. Ал оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жазғы демалыстың басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айының 20-30 күндері аралығында аудан көлемінде «Абайлаңыз — балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Бұл іс-шараның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару.
Рейдтік іс-шара облыс полицейлерімен жалғасуда. Сондықтан жол қауіпсіздігін сақтаңыздар!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі