• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Автор:admin

Июл 25, 2024
Spread the love

Түркістан облысында жыл басынан бері мектеп оқушылары мен студент жастар және халық арасында нашақорлыққа қарсы 260-тан астам профилактикалық іс-шаралары өткен. Оған жалпы 44 мыңнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ, облыс аумағындағы көшелер мен қоғамдық орындарда арнайы билбордтар және LED экрандарға ескертпелер орналастырылған. Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында қоғамдық орындарда есірткі тұтыну фактілері орын алмаған. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Амангелді Бурханов брифингте мәлімдеді.
— 2024 жылдың 6 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 423 дерек тіркелді. Оның ішінде 201-не қылмыстық іс тіркелсе, 222 жағдайда айыппұл салынған. Заңсыз айналымнан 200 килограмм 776,57 грамм есірткі тәркіленді -, деді спикер.
Сонымен қатар, Амангелді Сәпиұлы синтетикалық есірткіге қарсы күрес жайында айтты. Биыл жыл басынан бері синтетикалық есірткімен байланысты 24 дерек анықталып, жалпы 1 килограмнан астам түрлі синтетикалық есірткі заттары тәркіленген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика