ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ БАНАН ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ
Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды. Бұл Қазақстанда алғаш рет өсіріліп отыр. Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы Сайрам ауданында банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салған. Мұнда Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсіріледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша жылыжай жақын арада тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.
Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ долларды құрайды. Түрік компаниясы құрылыс кезінде жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланған. Жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған, бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа райында да толық ашуға мүмкіндік береді.