• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРҒА ОҢАЛТУ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ЖАҚСАРТЫЛУДА

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love
Түркістан облысына өңірлік бейінді денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық балаларды оңалту орталығының нейрофизиология және сурдология зертханасының меңгерушісі, невролог дәрігері Жанна Медетбекова келді.
Сапары барысында балаларға оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдарына барды.
Соның ішінде Түркістан қалалық балалар ауруханасының «Қамқорлық» оңалту орталығы, «Ақ-Бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы, «Жансая» облыстық балалар оңалту орталығы, Сарыағаш облыстық балалар шипажайы және облыстық балаларды оңалту орталығын аралады.
Одан бөлек, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына ұйымдық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсетті.
Облыстың медициналық ұйымдарының басшыларының қатысуымен балаларға оңалту көмегін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді, проблемалық мәселелер мен өңірдегі қызметті жақсарту жөніндегі ұсынымдарды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Түркістан облысындағы балаларды оңалту көмегін көрсету деңгейіне жақсы деген баға берілді. Жалпы өңірде төрт мыңға жуық бала оңалту емін қабылдаған.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика