• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ШЫМКЕНТ МЕНШІГІНЕ 7 НЫСАНДЫ ӨТКІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Сен 5, 2024
Spread the love

Өздеріңізге белгілі, Түркістан облысы құрылып, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген соң көптеген нысандар Түркістан облысының меншігіне өткен болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттен ғимараттарды жалға беру құнын оңтайландыру мақсатында Түркістан облысының әкімімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды бірқатар нысандарды коммуналдық меншікке өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Екі жақты арнайы Жол картасы әзірленіп, қазіргі таңда бірінші кезең бойынша 7 нысанды мегаполистің коммуналдық меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оның ішінде, Республика даңғылы 41/8-дегі білім басқармасының ғимараты, Әл-Фараби алаңындағы кітапхана, үш тілде оқытатын 500 орындық Маржан Тасова атындағы №12 мамандандырылған мектеп-интернаты КММ және Абай ауданындағы темір жол желісі бойынша шешімдер қабылданған.
Ал, Тәуке хан даңғылы, 6-шы үйдегі әкімшілік ғимаратын, Қазыбек би көшесі, 9-үйдегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ғимаратын қаланың меншігіне өткізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Келесі жылы Орталық саябақта орналасқан «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты қала балансына беріледі. Жергілікті мекемелерді өз ғимараттарымен қамтамасыз ету қала бюджетіне түсетін шығынды азайып, үнемделген қаржы қаланы дамытуға жұмсалады. Сондай-ақ, алдағы уақытта Шымкент қаласында орналасқан облыстық мекемелер Түркістан облысындағы салынып жатқан ғимараттарға көшіп, босағаны бірте-бірте қаланың коммуналдық меншігіне өтетін болады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика