• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Май 20, 2024
Spread the love

Бүгін Түркістан облыстық сотының төрағасы А.Сұлтанов және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы А.Апбас тұрғындармен кездесу жоспарына сәйкес Отырар ауданына арнайы келіп, аудан активімен және тұрғындарымен кездесті. А.Сұлтанов кездесуден соң жеке қабылдау жүргізіп, аудандық соттың жай-күйімен танысты.
Іс-шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар, медиаторлар мен ақсақал билері қатысты.
Жиынды аудан әкімінің орынбасар Айдос Құлмаханов ашып, келген қонақтарды көпшілікке таныстырып өтті.
Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы мемлекеттік тілдің қолдануын, дауларды соттан тыс және соттардағы татуластыру рәсімдерін қолдануы арқылы шешуді кеңінен қолдану мәселелері туралы айтты.
Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алып, ауданға арнайы ат басын бұрып келген облыстық соттың төрағасына алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар А.Сұлтанов, жергілікті сот орналасқан жайға барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Іссапар аяғында судьялар мен сот қызметкерлерімен жиын өткізіп. Жиын барысында сот төрелігін жүзеге асыруда заңды қатаң ұстануды, істерді созбаландыққа салмауды, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, еңбек және әдеп тәртіптерін қатаң ұстануды тапсырды.
Жиын барысында судьялар мен сот қызметкерлері пікір алмасып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика