5 тамыз Медиаторлардың кәсіби мерекесіне орай, Түркістан облыстық сотында мерекелік іс-шара өткізілді.
Медиаторлардың кәсіби мерекесіне орай «Халықаралық Медиация Орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Медиация – бейбітшілік кепілі» атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Н.Биболов, Түркістан облысының кәмілетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Сауран, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының медиатор-судьясы А.Сагиндыкова, Түркістан қалалық сотының медиатор-судьясы А.Сапарбек, Әділет Басқармасының басшысы М.Тұрғараев, бұқаралық ақпарат өкілдері, Түркістан қалалық әкімдігінің қызметкерлері, облыстық, қалалық, аудандық білім мекемелерінің басшылары, өкілдері, «Халықаралық Медиация Орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің кәсіби медиаторлары қатысты. «Халықаралық Медиация Орталығы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің директоры Е.Алжанов жиынды ашық деп жариялап, медиаторларды кәсіби мерекесімен құттықтап. Сөз кезегін баяндамашыларға берді. Өз кезектерінде баяндамашылар «Қоғамдағы дау-жанжал деңгейін мейлінше төмендетудегі медиацияның рөлі. Сотқа дейін және сот өндірісі барысында медиация арқылы бітімге келу, татуласу», «Елдегі кәсіпкерліктің дамуындағы медиацияның орны», «Түркістан қаласындағы медиацияның дамуына әкімдіктің қосып жатқан үлесі және келешектегі жоспарлары», «Білім саласындағы медиация», «Медиация Заңын қоғамға насихаттау, жеке тәжірибемен бөлісу» тақырыптарына тоқталып, ашып өтті. Жиын нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолдану кезінде туындайтын мәселелерге тоқталып, қатысушылар ұсыныс, пікірлерімен бөлісіп. Кәсіби медиаторларға мерекелік марапаттар табысталды
Іс-шараға Түркістан облыстық сотының төрағасы Т.Мыятбеков, кәсіби, кәсіби емес медиаторлар және облыстық сот судьялары қатысты.
Аталған жиынды облыстық соттың төрағасы Т.Мыятбеков ашып, өз сөзінде «Медиация туралы» ҚР Заңының маңыздылығы мен ерекшеліктерін атап, медиаторларлық жұмыстың сот саласына қосқан үлесін алға тартып, халықпен билік арасындағы сенімді нығайтып отырғандарына алғысын білдірді. Алдағы уақытта кәсіби жетістіктерге жетіп, халықтың алғысына бөлене берулерін тіледі.
Өз кезектерінде құттықтау сөздеріне облыстық соттың судьяларыда қосылды.
Жиын соңында медиаторларға кәсіби мерекеге орай алғыс хаттар табыс етілді.