• Чт. Июн 5th, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Автор:admin

Июн 3, 2025
Spread the love
Келес ауданына қарасты 83 елді мекеннің 64-і орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтылған. Бұл ауыз сумен қамтылу деңгейінің 88,4 пайызға жеткенін көрсетеді. Тағы 19 елді мекенде ауыз су жүйесі әлі толық жүргізілмеген.
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағында ауыз сумен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты арнайы жиын өткізді. Жиында елді мекендердегі сумен жабдықтау мәселелері талқыланып, өзекті түйткілдер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.
Қазіргі уақытта аталған 19 елді мекеннің 14-інде құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Олар: Ақжол, Қауыншы Оңтүстік, Ғ.Мұратбаев, Қаратөбе, Қосөткел, Жуантөбе, Жаңадәуір, Кеңдала, Ескіқорған, Құйған, Қияжол, Көгерту, Ақжар елді мекендері.
Жаз мезгілінде ауыз су тұтыну көлемінің артуына байланысты Абай ауылындағы кейбір мөлтек аудандарда судың тапшылығы байқалды. Бұл мәселені уақытша шешу мақсатында су тасушы көліктер арқылы ауыз су тасымалдау кестесі бекітіліп, тұрғындарға жүйелі түрде жеткізіліп жатыр Сонымен қатар Абай ауылындағы 4 аумақтағы су тазартатын модульді құрылғылар жөндеуден өтіп, толықтай іске қосылды. Қазіргі таңда тұрғындар сол нүктелерден қауіпсіз әрі сапалы ауыз суды еркін пайдалана алады.
Аудан бойынша ауыз су мәселесін түбегейлі шешуге бағытталған «Түркістан облысы Келес ауданы елді мекендері үшін су жинау имараты мен жеткізуші су құбырларының құрылысы» жобасы әзірленуде. Жоба аясында Алпамыс батыр ауылдық округінде 4 гектар жерге 20 000 текше метрлік су қоймасын және Біртілек ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде 1 гектар аумаққа 600 текше метрлік су қоймасын салу жоспарланған. Бұл – 25 мыңнан астам адамның тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жоба.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика