• Пн. Июн 2nd, 2025
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ 30 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Автор:admin

Май 31, 2025
Spread the love
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай Жетісай ауданында ауқымды сенбілік өтті.
Қала, кент, барлық ауылдық округтердің тұрғындары мен мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерінің, ауданның ерікті жастарының қатысуымен өткен тазалық жұмыстарына 2 мыңға тарта адам мен 23 техника жұмылдырылды. Әрбір мекеме мен бөлім өздеріне арнайы бекітілген учаскелерде, ауданның кіреберістерінде бей-берекет жатқан қоқыстарды тазалап, қураған шөптері шабылды. 30 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика