• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФОРУМЫНА 1000-НАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ (-2-)

Автор:admin

Сен 13, 2024
Spread the love

Бұл қылмысқа барғандардың жазаға қатаңдатылды. «Трамадолға» құмар жастардың қатары көбейгені облыс тұрғындарымен кездесу кезінде жиі көтерілген болатын. Оның жолын кесу үшін облысымызда ауқымды жұмыстар қолға алынды. Нәтижесінде өткен жылы «Трамадол» психотроптық затымен байланысты 30-дан астам қылмыс тіркелді. Қазіргі таңда, психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрес күнделікті жүргізілуде. Бұл жұмыстар ары қарай да жалғаса береді. Өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы облыстық бюджеттен 19,3 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 243 млн теңгеге 30 қызметтік автокөлік сатып алынды. Ал 2024 жылға 20,5 млрд.теңге қарастырылды. Оның ішінде 295 млн. теңгеге 52 қызметтік автокөлік лизинг арқылы сатып алынды. Бұл бөлінген қаржылар ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жарақталуына бағытталған. Түркістан – қасиетті өңір. Қасиетті өңірде есірткінің, жаман әдетердің таралуына жол берілмеуі тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Жиын барысында спикер ретінде келген елге белгілі азаматтар өте қажетті мағлұматтарды баяндап, профилактикалық сұқбат жүргізіп, өмірлік тәжірибемен ұштасқан үлгі-өнегелерімен бөлісті. Салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз ойларын білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты. Олардың қатарында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Амирханов, ҚР Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров, ҚР психиатр-наркологы Нәби Есімов пен қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы болды. Форумды актер Әділ Ахметов жүргізсе, әнші Қуандық Рахым өнер көрсетті…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика