• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Ноя 7, 2023
Spread the love
Бүгін Түркістан облысы денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz ақпараттық агенттігі.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар басқарма басшысына өтiнiштерін жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға келгендердің дені дәрігерлерді шетелде оқыту бойынша ұсынысымен, баласының емделуі, ФАП салыну бойынша мәселелерімен жүгінді.
Қабылдау барысында басқарма басшысы әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді.
Облыстың бас дәрігері Асхан Байдуәлиев Мархабайұлының жеке қабылдауына жазылу үшін 8700 205 93 67, 8725 335 93 67 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика