Жуырда ғана Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында «Алтын жұлдыз» халықаралық шығармашылық конкурсы болып өтті. Аталған байқауда Қазақстан мен Қырғызстанның барлық облыс-қалаларының өнерпаздары бақ сынасты. Сайыс түрлі аспаптарда ойнау, ән айту, би билеу, бейнелеу өнері және көркем өнер жанрлары бойынша өткізілді. Нәтижесінде Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған «Балауса» халықтық би ансамблі 3 жас ерекшелігі бойынша супер гран-при, гран-при және 1-орындарды жеңіп алды. Одан бөлек, ән айту бойынша Есімхан Жәңгірхан гран-приді иеленсе, Олжас Сайранбай 1-орынды жеңіп алып, елге жүлделі оралды.
Барша жеңімпаздар алдағы уақытта Түркия елінде өтетін өнер сайысына жолдама алды. Сонымен қатар, өнерпаздарға арнайы кубоктар, дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Талантты өнерпаздардың тәлімгерлері — Гүлнар Оразова мен Фарида Наурызбаева.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі