Елдің тыныштығын қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалайтын учаскелік инспекторлардың жұмысы мен міндеті ауыр. Бұл сақшылар халықпен тығыз жұмыс жасай жүріп, құқық қорғау органдарының имиджін қалыптастырады. Бұл ретте «Жұртқа жақын полиция» қағидаты жұмыс жасауда.
Ал бүгінгі материалымыз тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау үшін 24/7 қызмет етіп жүрген инспектордың бірі — Ерболат Бекмұратов жайлы болмақ. Яғни учаскелік полицейдің бір жұмыс күні, ондағы профилактика, демалыс кезіндегін балалардың қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтауы, есепке алынғандарды тексеріп, үй аралауы, аумақ тұрғындарының жағдайын біліп, тілдесуі мен алаяқтық қылмысынан сақтандыру сынды қызметтері ұсынылады.
Полиция майорының айтуынша, жұмыстың қызығы мен қиыншылығы қатар жүреді. Алайда қызметкеріміз халыққа қол ұшын созып жүргенімен, отбасына көбірек көңіл бөле алмайды. Себебі ол тұрғындардың тыныштығы үшін тік тұрып қызмет етеді. Бұл полицейлердің арасында жеке бастың қамы үшін жүргендерден, өмірін қоғам тыныштығы жолына арнағандар көп.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі