Шухрат Сунатуллаұлы Назаров ұлты – өзбек. Қазақ тілін еркін меңгереді. ІІО-да 2013 жылдан бері қызмет атқарады. Алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастап, бүгінде Түркістан облысы полиция департаменті Келес аудандық полиция бөлімінде аға тергеуші болып қызмет атқарады.
Полицей Шухрат қиын да жауапты тергеу саласында іс-құжаттарды қазақ тілінде жасап, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып келеді. Ұлты басқа болғанымен, Қазақстан азаматы ретінде патриот азаматтар қатарынан табылып келеді.
2013 жылы отау құрған. Бүгінде бір қыз, екі ұлдың аяулы әкесі, асыл жар.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі