• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛАДЫ

Автор:admin

Май 24, 2024
Spread the love

Түркістан облысының кәсіпкерлері мен қытайлық инвесторлар арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында кездесу өтті. Жиында агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, медицина, жер қойнауын пайдалану, құрылыс, IT сынды салаларды дамыту жайы сөз болды.
Қытайдың Халықаралық сауданы ынталандыру жөніндегі комитетінің Қазақстандағы ресми өкілі Чэнь Хунцян екі мемлекет арасындағы кәсіпкерлік саласындағы байланыс жылдан-жылға нығайып келе жатқандығын атап өтті. Рухани астанаға инвестиция құюға ниетті шетелдік бизнес өкілдерімен іскерлік байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталған кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев жобаларды сүйемелдеуге көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
«Түркістан облысында 200 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өңірде негізінен агроөнеркәсіптік кешен саласы қарқынды дамыған. Ет экспорттау бойынша да аймақ кәсіпкерлері республика бойынша 1-орында. Шағын және орта жалпы ірі кәсіпкерлік саласында айтарлықтай ілгерілеу бар»,- деді Асылан Сейілбекұлы.
Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы қос мемлекеттің кәсіпкерлері үшін кездесу алаңына айналды. Кәсіпкерлер инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, бірлескен жобаларды қолға алу мәселесін талқылады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика