Түркістан қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Тең қоғам орталығының» қызмет алушылары Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат етіп, тарихи тұлғалардың рухына Құран бағыштады. «Керуен-Сарай» туристік кешенін қайықпен аралап, «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражаймен, ондағы фольклорлық-этнографиялық эскпозициялармен танысты. Саяхат Отырар қалашығы мен табиғат аясында жалғасып, белсенді зейнеткерлер демалысты ұйымдастырған орталық мамандарына ризашылықтарын білдірді.
Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» – 2022 жылдан бастап зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Жылына 3 мыңға жуық азаматты қабылдап, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық секілді 7 бағыт бойынша көмек береді. Егде жастағы ата-әжелер мұнда қолөнер және спортпен шұғылданады.
«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» негізгі негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың белсенді өмір салтын ұзартуға мотивациясын қалыптастыру және дамыту, егде жастағы азаматтардың бос уақытын және мәдени бос уақытын ұйымдастыру.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында йога, скандинавиялық серуендеу, вокал, кескіндеме, айкун, цигун, тайчи, кинезиология, компьютерлік сауаттылық, шахмат, тоғызқұмалақ, би (шығыс, халық), теннис, сәндік — қолданбалы өнер, агрокраудсорсинг, психолог пен заңгердің жеке консультациялары, есте сақтау қабілетін нығайту және т. б. тегін сабақтар ала аласыз.
Арнайы әлеуметтік қызметтер – әлеуметтік қызмет кер өмірлік қиын жағдайға ұшыраған тұлғаға немесе отбасына көрсететін, туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеруге арналған жағдайлар жасайтын және олардың қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен бірдей мүмкіндіктер құруға бағытталған қызметтер кешені.
Әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді:
— Пациенттер өз мүмкіндіктерін ашатын және соның негізінде қоғамдағы жаңа өмірге бейімделе алатын жағдайлар жасауға;
— Пациентті әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуге (жұмысқа орналасуына ықпал ету, бала асырап алуға, қамқорлығына алуға, медициналық-әлеуметтік сараптама жасауға, қарттар мен мүгедектер үйіне, мектеп-интернаттарға жолдауға);
— Еңбекті ұйымдастыру мен әлеуметтік қорғау ұйымдарынан мүгедектерге арналған қозғалыс құралдарын, түрлі протездеу түрлерін алуға көмек көрсету;
— Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды (отбасыларын) өз-өзін күту, тұрмыс пен қоғамдық орындарда өз-өзін ұстау дағдыларын үйрету;
— Тұрмыстық зорлыққа шалдыққан тұлғаларға немесе отбасыларға (балаларға, жасөспірімдерге, әйелдер мен ер адамдарға) ықпал ету.
Психологиялық қызметтер – өмірлік қиын жағдайға душар болған тұлғаға немесе отбасына психологиялық ағарту, психологиялық диагностика мен психологиялық профилактика жүргізу арқылы психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған қызметтер кешені.
Психолог көмек көрсетеді:
— адамды психологиялық қолдау мәселелерін шешуге (жеке проблемаларды шешуге, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты, балалармен немесе ата-анамен өзара қарым-қатынасты жақсартуға ықпал ету);
— қоғамға бейімделу мен оңалту мақсатында ақпараттық және консультациялық көмек алуға ықпал ету;
— халыққа психологиялық түзету және психологиялық алдын алу көмегін ұсыну;
— тұлғаның өзіне деген сенімінің, күшінің артуына мүмкіндік беру, ол үшін күрделі жағдайдан шығуға көмектесу.
Кез келген адамның жаны қиналады. Кез келген адам қолдауға мұқтаж. Егер де жүрегіңізді беймәлім сезімдер басып, еңсеңіз түсіп, өз-өзіңізді түсіне алмай жүрсеңіз, психолог көмегіне жүгінген жөн. Бұл – ещқандай да өрескел әрекет емес, керісінше, ақылды адамның әрекеті. Сауатты адам – жаны мен тәнін қатар күтеді, жанашыр болады.
Адам тіршілікке жұтылып жүргенде психологиялық мәселесінің бар екенін сезбей де қалуы мүмкін. Тек ішінен «бұл бітпейтін бақытсыздық қашан аяқталады» деген ойда ғана жүреді. Психикалық аурулар өте көп, оларды қарапайым адамдардың анықтауы өте қиын. Тіпті тәжірибелі дәрігерлерге диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеулер мен уақыт қажет болуы мүмкін.
Психологиялық мәселенің шешімі – мойындау. Барлығы жағдай мен тағдырды қабылдаудан басталады. Адаммда психологиялық аурудың барын қалай білеміз?
Психикалық бұзылыстың көрінісі мыналар болуы мүмкін:
— Сандырақ;
— Иллюзиялар;
— Мазасыздық;
— Галлюцинация;
— Ұйқының бұзылуы;
— Ерік-жігердің бұзылуы;
— Апатия және немқұрайлылық;
— Көңіл-күйдің өзгеруі;
— Негізсіз қорқыныш;
— Эмоционалды бұзылулар;
— Ойлау процестерінің бұзылуы;
— Тыныс алудың бұзылуы:
— Мазасыздық.
Жоғарыда аталған барлық белгілер жан дәрігеріне барудың себебі. Дәрігер бұзылулар мен ыңғайсыздықты тудыратын бұзылыстың қандай түрін анықтауға көмектеседі. Ол себебін тауып, қалыпты өмірге тез оралуға болатын тиісті емдеуді тағайындайды.
Кейбір жағдайларда адам күйзеліске тап болады. Күйзеліс жағдайынан тыс қалуға кепілдік бермейді. Сонымен қатар да күйзеліс өмірдің бір жағымсыз жағдайы деп айтуға болады. Күйзеліске қарсы тұра білетін адам, күйзеліс жағдайында оған төте бере алады және оны жеңуге тырысады. Әр адамның күйзеліске реакциясы әрқалай болады. Ол тұлғаның типологиялық ерекшелігіне байланысты. Біреуі көп сөйлеп, тез қимылдайды. Басқалары баяу жүріп, үнсіз болып қалады. Сондықтан күйзеліс процесі әр адамда арқалай өтеді деп айтуға болады. Ал балаларда балалық шақтағы жанұя дау-жанжалдары арқылы басталады. Бірақ мектептеде, жанұяда да өзіндік сезімдерін өзгертуге әдейі үйретуге болмайды. Сондай-ақ кейбір келеңсіз жағдайларды женіп шығу қиын. Осындай күйзеліс жағдайында не көмектеседі? Қандай психологиялық көмек көрсетуге болады?
Күйзеліс – ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы. Асыра күш түскен жағдайда адамның көңіл-күйі нашарлайды, басқа да белгілер пайда болады. «Күйзеліс» деген сөз ағзаның жай-күйін айқындайды, ол өмірдің қиын жағдайларына бейімделуге тырысады. Адам аса қиын физикалық және психологиялық қысымға ұшыраған кезде, ең алдымен оның ағзасы қорғануға тырысады. Бірақ одан кейін бейімделіп алады және аса жоғары қысымдағы реакциясы оңтайлы жағдай болып қалады. Мұндай жағдай оң күйзеліс деп аталады. Ол адамның дұрыс психикалық дамуына және қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет. Алайда ағза жиі миға салмақ түсуге немесе физикалық жүктемеге шамасы келмейді. Мұндай жағдайда кез келген қосымша қысым адамның дұрыс жай-күйін бұзуы және ауруға шалдықтыруы мүмкін.
Енді күйзеліс түрлеріне келетін болсақ, физиологиялық және психологиялық түрі болады. Физиологиялық күйзеліс деп саналатын: өте ауыр физикалық жұмыстар, қауіпті аурулар, оттегінің жетіспеуі. Психологиялық күйзеліс деп саналатын: қорқыныш, қайғы, өкпелеу, ақпараттық ауыртпалық, ми жұмысының шаршауы. Сонымен қатар күйзеліс жағдайдын мынандай белгілері болады: ашуланшақтық, ұйқы көрмеу, еңжарлық, көңіл-күйінің ауытқуы, ойын ұштастыра білмеуі, қызба іс-қимылы, жылауық, түнгі үрейлер, асыра белсенділік, алаңдаушылық, желікпе қимыл, тәуелділік. Психологиялық күйзеліс жағдайында миға салмақ түскенде- ашу, қорқыныш, көңіл-күйінің ауытқы эмоциялары қатар жүреді. Біздің мақсатымыз оқушылардың күйзеліс жағдайға ұшырағанда, төзімділікке, табандылыққа, өзін-өзі психологиялық тепетеңдікті қалыптастыру, сақтай білуге үйрету. Қандай да күйзеліс теріс ықпал етсе, сондай-ақ оң ықпал етеді. Егер бала күйзеліс жағдайды жеңүге тырыспаса, ол дамымайды. Яғни күрес, талпыныс, дамудың стимулы болып саналады.
Жалпы психологиялық күйзеліс рухы әлсіз адамдарда жиі кездеседі. Рухтың әлсіреуі неден? Егер адам жастайынан шыңдалмаса сол бала рух әлсіреуіне бейім болады. Адам жастайынан дене еңбегімен көп айналысса (қара жұмыс, спорт түрлерімен), бұл адамда төзімділік, табиғи күшінің өсуі процесі байқалады. Бұл процесс психологиялық жағынан шыңдалуға апаратын баспалдақ. Яғни төзімділік – психологиялық табандылыққа, табиғи күшінің өсуі – өзіне деген сенімділікке апарады. Бұндай мектептен өткен адам, табиғаттың дүлей күштерін (қар, аяз, жаңбыр, ыстық, суық, дауыл) елеумен қатар, кез-келген әлеуметтік ортада өзінің толыққанды жеке тұлға екенін мойындата алады. Неге? Өйткені ол адамның бойында өзгелерге қарағанда қорқыныш сезімі анағұрлым аз. Ал қорқыныш – ол рух ауруы. Сондықтан бұл адам психологиялық күйзеліске өте аз ұшырайды. Баса айтатын жағдай, біздің көмегімізді қажет ететін тұлғалар – рух жағынан әлсірегендер. Қазіргі таңда бес саусақ бірдей емес. Бір оқушы жастайынан шындалған болса, біреуі ондай жағдайды басынан кешірмеген. Осы орайда педагог-психологтар әрбір баланың мінез-құлқын (темпераментін) дөп басып дұрыс диагностика жасай білуі керек. Өткені барлық оқушының әлеуметтік шыққан тегі, тұрмыс жағдайы, алған тәрбиесі, өмір сүру стимулдары бірдей емес. Біреуі батыл болса, біреуі жасықтау, біреуі мықты болса, біреуі әлсіздеу, біреуі шапшаң болса, біреуі шабандау дегендей. Сол себепті батылдау балаларға өмірде одан да жоғары нәтиже көрсету үшін қаталдау, бірақ әділетті ескерту жасап жігерін қайрап отыру керек. Ал рухы әлсіздеу балаларды көбінесе мақтау, жігерлендіру арқылы өмірге қызығушылығын оята отырып, қатарынан қалмауға психологиялық демеу көрсетілуі керек.
Күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін. Қысқарта айтқанда қандай адаммен жұмыс жасасаң да, баланың ішкі дүниесіне жол табу басты нысана. Бұл айналып келгенде мұғалімнің құзыреттілігіне тікелей қатысты. Ең бастысы баланың жанын жаралап алмау. Бұдан шығатын қорытынды оқушы мен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болуы. Сондықтан ұстаздың басты міндеті тек қана білім беру ғана емес, баланы әлеуметтік ортада өз орнын тауып толыққанды тұлға жасап шығару. Бұл әсіресе біздің қазақ ұлты үшін жан ауыртар басты мәселе. Бұл үшін тек қана педагог-психологтар емес, әрбір класс жетекші, әрбір пән мұғалімі, керек болса қызмет басында отырған әрбір басшы аянбай өз үлестерін қосулары керек.
«Тең қоғам орталығы» – 2021 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға қызмет етіп келеді. Жылына 700-ден аса азаматқа құқықтық және психологиялық кеңес беріп, кәсіпке баулу, қажетті құралдармен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру сияқты мәселерін шешуге атсалысады.