• Пт. Сен 11th, 2026
Популярные метки

Түркістанда интернет алаяқтығының алдын алу бойынша ақпараттық акция өтті

Автор:admin

Авг 1, 2026

Қазіргі цифрлық технологиялар дамыған заманда интернет алаяқтығы ең жиі кездесетін әрі қауіпті қылмыстардың біріне айналып отыр. Осыған байланысты, Түркістан қаласында интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу, тұрғындар мен жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жастар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда кең көлемді ақпараттық-профилактикалық акция өткізілді.

Бұл маңызды іс-шараға Түркістан қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері мен Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары арнайы қатысып, бірлесе әрекет етті. Шара ұйымдастырушылары шаһар тұрғындарына, әсіресе белсенді интернет пайдаланушы жастарға интернет алаяқтарының заманауи әрекет ету тәсілдері, арбау амалдары және олардан тиімді қорғану жолдары жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында мамандар азаматтарға жеке қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі баяндап берді. Атап айтқанда, банк картасының құпия деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік құпия кодтарды және жеке куәлік мәліметтерін ешқандай жағдайда бөгде адамдарға бермеу, әлеуметтік желілердегі күмәнді сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ жеңілдетілген бағамен тауар ұсынатын жалған интернет-дүкендер мен күмәнді инвестициялық жобалардан сақ болу қажеттігі ескертілді. Тәртіп сақшылары мен жастар орталығының мамандары алаяқтардың көбіне психологиялық қысым жасау немесе асықтыру арқылы адамдарды қателікке бой алдыратынын атап өтті.

Сонымен қатар, тұрғындарға интернет алаяқтығынан сақтанудың нақты жолдары мен алдын алу шаралары қамтылған арнайы ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылды. Қала тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды әрі заңды жауаптар алды.

Аталған профилактикалық іс-шара Түркістан қаласы тұрғындарының құқықтық, қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, ғаламтордағы алаяқтық қылмыстарының алдын алуға және қоғамда жоғары қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Түсіндіру және ағарту жұмыстары алдағы уақытта да шаһар аумағында жүйелі түрде жалғасатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика