• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Окт 4, 2024
Spread the love
Ұстаздар күні қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ардагер ұстаздың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Еңбек ардагеріне құрмет көрсетіп, Алғыс хат табыстады.
Ибрагимова Гулсин ана 1925 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 100 жасқа таяған ардақты ана 1944 жылдан бастап Хамза атындағы (бұрынғы Калинин) №2 жалпы білім беретін мектепте биология пәні мұғалімі, еңбек пәні мұғалімі болып 44 жыл еңбек еткен. Жұбайы Тажимухаммад Ибрагимов мектепте тарих пәнінің мұғалімі, аудандық білім бөлімінің әдіскері болып қызмет атқарған. Кеңестік кезеңнен көпке танылып, түркістандықтардың мақтан тұтар педагогтарына айналған ардагерлердің ұрпақтары да осы кәсіпті жалғастырып, бүгінде ұстаздық қызметті абыроймен атқарып келеді.
Бүгінде ұлағатты ұстаз 5 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, олардан 27 немере, 87 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр екен.
Шаһар басшысы мұғалім — халықтың шамшырағы екенін тілге тиек етіп, ұстаздың болашақ ұрпақты тәрбиелеуде еңбегінің орасан зор екенін атап өтті. Мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқанын тілге тиек етіп, алғысын білдірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика