Түлкібас аудандық полиция бөлімінде І-тоқсанда атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков арнайы іссапармен келді.
Полиция басшылығының төрағалығымен болған жиында полиция подполковнигі Алмас Серікбаев баяндама оқыды: «Аудан аумағында жол көлік оқиғаларын болдырмау, алдын алу мақсатында жолдар мен көшелерде 70 тексеріс жүргізілді. Анықталған кемшіліктер бойынша құзырлы органдарға 70 ұйғарым жолданды. Берілген ұйғарымдарды орындамаған 13 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жеке құраммен жыл басынан бері жалпы 4099 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 141 іс сотқа жолданған.
Осы орайда атқарылған профилактикалық шаралар нәтижесінде көшеде жасалған қылмыстар 50,0%-ға төмендеген. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 36,4%-ға, мас күйінде жасалған қылмыстар 55,6%-ға азайған»-деп атап өтті.
Жиын соңында полиция полковнигі А.Қалдарбеков жеке құрамның алдағы қызметіне сәттілік тілеп, сыбайлас жемқорлық пен түрлі құқық бұзушылықтарға жол бермеуді қатаң ескертті.