• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Түлкібастық полицейлер ата-ана, оқушылармен кездесті

Автор:admin

Май 22, 2023
Spread the love

Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс болмауы, ұсақ бұзақылық жасамауы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау, алдын алу.
Осы бағытта Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары ауданда орналасқан «Бреусов», » А.Асқаров» жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары, ата-аналарымен кездесті. Жиында ата-ана жауапкершілігі, жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, жаманнан жиреніп, жақсыға асық болу сынды тәрбиелік мәні зор әңгіме өрбіді. Сонымен қатар «Б.Садықов» мектебінің оқушылары полиция бөліміне экскурсия жасады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика