• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Туберкулез жөнінде 7 аңыз және ақиқат

Автор:admin

Ноя 6, 2023
Spread the love
Ордабасы ауданы Төрткүл ауылына қарасты Қызылжар, Бөген, Қ.Сыпатаев, Б.Төлепбаев, Төрткүл жалпы орта мектептерінің оқушыларына мектеп мейірбикелері Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында “Біз Туберкулезді жеңе аламыз” атты лекция, дөңгелек үстел, семинарлар өткізілді. Түсіндірме жұмыстары слайдтар, плакаттар, үнпарақтар арқылы жүзеге асты. Кері байланыс ретінде сауалнамалар жүргізілді. Оқушылар жас санаттарына қарай «Туберкулез” тақырыбында диктант жазды.
№ 1 Аңыз: туберкулезбен тек әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен адамдар ауырады.
Ақиқат: осы ауру бойынша қолайсыз эпидемиялық жағдайы бар аймақта тұратын кез келген адам туберкулезбен ауыруы мүмкін. Тамақтанудың төмендеңгейі, стресс, қатар жүретін патологияның болуы туберкулездің даму қаупіне әсер ететіні анық. Бірақ сіз қазірдің өзінде науқас адамнан кез-келген жерде жұқтыра аласыз, алайда туберкулез таяқшасын жұқтырған адам, ауру адам деген емес.
Бүгінгі таңда келесі қауіпті топтар бар:
қосымшааурулары бар адамдар (мысалы қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары және т.б) иммунитеттіңтөмендеуінеықпалетуінебайланысты,
АИТВ-инфекциясы бар науқастар
Туберкулезбен ауыратын адаммен қатынаста болғанадамдар
сәулелік, цитостатикалық, жүйелі глюкокортикостероидты терапия, иммуносупрессивтік гендік-инженерлік биологиялық препараттарды қабылдайтын тұлғалар
әлеуметтік жағдайы төмен
есірткіні тұтынушылар
бас бостандығынан айыру орындарына нкелген адамдар
туберкулез деңгейі жоғары елдерденкелген мигранттар
№ 2 Аңыз: Туберкулез емделмейді.
Ақиқат: XIX ғасырда туберкулезбен ауыратындар кенеттен қайтысболды, бірақ өткен ғасырдың ортасында оны емдеу үшін тиімді препараттар жасалды. Бүгінгі күні ауру микобактериялардың туберкулезге қарсы препараттарға сезімталдығын уақтылы анықтап, анықтаған жағдайда сәтті емделеді. Егер олардың туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектерге төзімділігі анықталмаса, емі орта есеппен 6-11 айға созылады.
№ 3 Аңыз: мен бала кезімде БЦЖ вакцинасын алдым, сондықтан алаңдамаудың қажеті жоқ.
Ақиқат: БЦЖ өмірге келгенсоң 2-4 күні жасалады, бұл өмірдің алғашқы жылдарындағы балаларды милиарлы туберкулез бен туберкулез менингитінің, яғни туберкулездің өлімге апаратын түрлерінің дамуынан қорғайды. Және БЦЖ реакцинациясы 1 сыныпта жасалады, уақыт өте келе иммундық жауап төмендейді. Вакцинациядан кейін туберкулезді жұқтыру мүмкін, алайда ауру жеңіл түрде болуы мүмкін.
№ 4 Аңыз: туберкулез ауруының белгілері жоқ-ауру жоқ.
Ақиқат: туберкулездің негізгі проблемаларының біреуі — кеш анықталу, яғни кеш диагностикалау. Туберкулез бір-екі жыл ішінде дамуы мүмкін, бірақ пациент өзін қалыпты сезініп жүре беруі де, қабыну белгілері болмауы да мүмкін, немесе ұзақ уақытта сезінуі, науқас өзінің ауырғанын байқамай жүре беруі де мүмкін. Туберкулездің клиникалық белгілері (жөтел, дене салмағының төмендеуі, ентігу, түңгі тершеңдік, тәбеттің төмендеуі) көрінбеуі мүмкін. Жөтел кезінде қанның болуы, кенеттен салмақ жоғалту-бұл туберкулездің ауыр түрлерінің белгілері болып табылады ересектерде ғана емес, сонымен қатар балаларда да.
№ 5 Аңыз: Манту сынамасы балаларға зиянды, сонымен қатар оны салудың мағынасы жоқ және оны алмастырушы жоқ.
Ақиқат: 2 туберкулиндік бірлігі бар Манту сынамасы балаларды БЦЖ қайта вакцинациялауға іріктеу үшін қажет.
Бүгінгі таңда туберкулезді диагностикалау үшін вакцинадан кейінгі және жұқпалы аллергияны бір-бірінен ажырата алатын жаңа буынның иммунологиялық сынақтары енгізілді.
Жаңа буын сынақтары (Диаскинтест, Т-SPOT және Квантиферон сынақтары) жасырын туберкулез инфекциясын анықтауға мүмкіндік береді — бұл адам әлі де сау, бірақ таяқша ағзада белсенді түрде көбейетін жағдай (инфекцияның дамуының бастапқы кезеңі).
№ 6 Аңыз: Егер жақын жерде туберкулезбен ауыратын адам болса, мен міндетті түрде ауырып қаламын.
Ақиқат: Туберкулездің таралуының негізгі әдісі ауа – тамшы (түшкіру, жөтел арқылы) болса да, қорықпаңыз. Туберкулез микобактерияларын жұқтыру үшін бір байланыс эпизоды жеткіліксіз болуы мүмкін. Аурудың дамуы үшін иммундық жауаптың төмендеуі және генетикалық бейімділік қажет.
Аңыз №7: Флюорографияны жыл сайын жасау-өткеннің пайдасыз жәдігері, ал рентген сәулелері менің ағзама мүлдем зиян тигізеді.
Ақиқат: Жыл сайынғы флюорографиялық тексеру — туберкулез инфекциясын ерте сатысында анықтаудың ең сенімді әдістерінің бірі. Бұл ретте пациент цифрлық флюорография жүргізу кезінде алатын сәулелену дозасы қандай да бір кері әсерін туғызбайды. Ол, мысалы, әуежайда кедендік бақылаудан өту кезінде сәулелену көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Бұл ретте жылына 1-2 рет рентгенологиялық тексеру жүргізу туберкулезбен сырқаттанушылықты айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика