• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Тергеу саласының полицейлері әйелдер қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңес өткізді

Автор:admin

Май 4, 2024
Spread the love

Полиция департаментінің мәжіліс залында полиция полковнигі Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен жедел кеңес өтті. Күн тәртібінде «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қаралып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жедел кеңеске облысқа қарасты 17 аудан мен қаланың тергеу қызметі жөніндегі орынбасарлары, тергеу және анықтау бөлімшелерінің басшылары, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жиналғандар ағымдағы жылдың 14 маусымында қолданысқа енгізілетін Заңды, оның ішінде ана мен баланың қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қою, алдын алу мәселелерін қарады. Заңнның әрбір бабын жіті түсініп, тергеу практикасының жай-күйі талданды.
Өз кезегінде полиция заңның қатаңдауы, отбасылық зорлық-зомбылықты тоқтатып, қылмыстың азаюына ықпал етеді деп сенім білдіреді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика