ҚР ІІМ Е.Саденовтің бұйрығымен, департамент бастығының ұсынысымен полиция полковнигі Еркеғали Ізбасарұлы Мейірбеков Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Полиция полковнигі Е.Мейірбеков ішкі істер органдарында 2001 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білімі жоғары, заңгер. Қызмет жолдарында Шымкент қаласында тергеу, ОҚО жедел уәкіл, Түркістан облысында Сайрам АПБ бастығының орынбасары, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.
Жаңа басшыға алдағы уақытта кенді қаланың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда қажырлы еңбек етеді деп сенім білдіреміз!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі