• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТАТУЛЫҚ – ТІРЕГІМІЗ!

Автор:admin

Апр 21, 2023
Spread the love

Бүгінгі күннің басты талабы — қоғамдағы ортақ түсіністікті, келісімді сақтау!
Ал ел ертеңі саналатын жастар — қашанда қоғамның қозғаушы күші!
Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» және «Жастар ресурстық орталығы» мекемелерінің ұйымдастыруымен Орталық Азиялық инновациялық университетінің студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуге “ЕуроАзиялық медиация орталығы” қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби медиаторлар Ю. Пилецкая, З. Тарасова, Р. Кыпшакбаев қатысты.
Жиында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау және деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде жастар арасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар, жастарды отансүйгіштікке баулу мәселелері қозғалып, ұлт араздығы мен діни түсініспеушіліктердің алдын алу, сонымен қатар, этномедиация бағытында түсініктер берілді.
Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсак шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе ең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Әрине, ең танымалдарынан бастауды жөн көрдім. Осылардың өзі-ақ қазақты әлемге танытып үлгерді. Мысалы, спортшыларымыз көк туымызбен әлемдік аренада шарықтамағанда, біздің сол көк туымызды бәлкім ешкім танымаста ма еді? Жастарымыз шетелде жүріп, домбыраны қолға алып шертпегенде, қара домбыраны бәлкім ешкім танымаста ма еді? Ұлтық мерекеміз Наурызымыз әлемдік деңгейде тойланбағанда, оюлы көйлектеріміз бен тақияларымыз киіліп, көше бойын қазақтың бұлбұл әндерімен аралап, сайрамағанда шетел жұрты ою былай тұрсын, қазақ деген ұлт барын білмес те ме еді? Сол себепті, осы еліміздің көк туын көкке желбіретіп, асқақтатып жүрген ұлт қоргандарын ұллтық құндылыққа кіргізу менің міндетім болып тұр.
Ата — бабамыз сонау ерте заманнан бастап бала тәрбиесіне аса мән беріп, үлкен жауапкершілікпен қараған. Ұл балаға ер жігітке тән тәрбиені бойына дарытса, қыз баланың өзіне тән ибалы қасиеттерін бойына сіңірткізіп тәрбиелеген.
Одан бері қаншама уақыт өтті. Қазір жаңа заман, жаңа көзқарастар. Жастардың қазіргі уақыттағы өмірге деген көзқарастары, сана — сезімдері, ойлау қабілеттері мүлде бөлек. Алайда барлық қазақ отбасында бірдей қазақы тәрбие жойылды деп айтуға болмайтын шығар. Алайда қазіргі нарық заманында адами құндылықтар, қазақы тәрбие сынды дүниелер бағасын жоғалта бастағандай. Қоғамдағы жастардың бір — біріне деген қатігездігін көріп отырып еріксіз осылай ойлайсың. Бұрындары неше түрлі айуандық арды теледидардан, басқа да шет елдерден көрсетіліп жатқан бағдарламаларды көргенде сенбеуші едік. Алайда соңғы жылдары дәл сондай сұмдық жағдайлар біздің елімізде белең алып жатыр. Ұрып-соғу, тиісу, зорлық-зомбылық, адам өлтіру сынды сорақы қылмыстармен ұсталып, жазаланып жатқан жастарды күнде көретін болдық. Олардың арасында өз жазасын алмай, тайраңдап жүргендері қаншама…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика