Полицей Асылханның сөзінше, бұл мамандықты таңдап, білім алып, шыңдалуын да ата-анасының еңбегі көп. Сол кісілердің сенімін ақтап, халықтың ұлы болсам, арманым жоқ деп жеткізді. Сондай-ақ мұндай жауапкершілігі мол мамандықты таңдағанына мүлдем өкінбейтінін алға тартты.
Полиция лейтенанты Тойсұлу тәулік бойы өзінің әкімшілік аумағында тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Жас та болса, бас болып, әріптестері арасында өзін жақсы жағынан танытып келеді. Қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Мәселен осы жылы «Полиция аруы-2024» атағын жеңіп алды. Ал мың жылдық құдалар, осы екі жастың қызметте өсіп-өркендеуіне себепші, әрі қолдаушылары.
Ерлі-зайыпты полицейлер тағдыры мен қызметі тоғысқан жандар болғанына шын қуанышты.
Өз кезегінде бізде жас отбасына тек бақыт тілейміз.
Айта кететін, әрбір мемлекет өз азаматтарын құқықтық сауаттылыққа баулу керек, себебі бұл азаматтық қоғамның негізі. Әрбір адам өз мүдделерін қорғап, басқа адамның құқығын бұзбау керек. Бұл құқықтың алтын заңы. «Сенің құқықтарың басқа адамның құқықтары басталғанда аяқталады» деген заңның қатып қалған қағидасы бар. Бірақ кейбір адамдар соны да түсінбейді, сол үшін олардың көзқарастарын өзгерту қажет. Құқықты мемлекетте ұрлыққа, зорлыққа орын болмауы тиіс. Құқықтық сауаттылық біздің өмірімізді мәңгілікке өзгертеді. Азаматтардың заңда білмеуі бұл дамушы мемлекет үшін өте маңызды мәселе. Адам заңды білмесе, ол оны бұзады және ол қиын жағдайға тап өз жақындарын қорғай алмайды. Заңды білу — лайықты азаматтың негізгі мақсаты. Адамдарға арналған тұрмыстың оңтайлы, ұтымды үлгілерін тек саналы еркін азаматтар ойлап таба алатындықтан, саналы азаматтарсыз, жетілген азаматтық қоғамсыз құқықтық демократиялық мемлекет құру мүмкін емес.