Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы және қызметкерлері де жұмыстарының қарбаластығына қарамастан қала тазалығына өз үлестерін қосуда. Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлері өз аумағында шөптер мен қоқыстарды тазарту сенбілігін жиі өткізіп тұрады.
Қаламыздың көркі – тазалықта. Шымкент қаласы полиция департаменті барша қала тұрғындары мен қонақтарына тазалықты сақтауға және қоқыстарды арнайы орындарға тастауға ҚР экологиялық заңнамасын сақтауға шақырады.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалау жұмыстары бастаған еді. Алғашқы бірінші аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері аумақтарда белгіленген аулаларды тазалап жатыр. Қазіргі кезде көшелер сыпырылып, арықтар мен жол жиегіндегі қоқыстар жиналуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.