Республикалық “Таза Қазақстан” акциясы аясында Шардара ауданы Қызылқұм ауылында жаппай сенбілік өтті. Экоакцияға мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары қатысты.
Сенбілікке 100-ге жуық тұрғын мен 2 техника жұмылдырылып, 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Тоғыз көше бойы тазартылып, тал мен үй қасбеттері сырланды. Сондай-ақ, қураған талдар қырқылып, көше бойындағы шөптер шабылды. Сонымен қатар, елді мекен ішіндегі 1 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі