«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Кентау қаласын таза қалаға айналдыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы сенбілікке қаладағы 33 мекеменің қызметкерлерінен құралған 200-ге жуық азамат пен 5 техника жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстар барысында аймақтардағы арық-атыздар тұрмыстық қалдықтардан, жасыл желектің түптері мен жол жиектері шөптерден тазартылды. Жалпы сенбілікте 20 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды.
Айта кетсек, акция аясында қаланы көгалдандыру, абаттандыру мен тазалық шаралары күнделікті жүргізілуде. Осы ретте аллеяларды ретке келтіру, тал түптерін әктеу, гүлдер мен талдарды суару жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Кентау қаласын таза қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі