• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ КИЕЛІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖАЛҒАСТЫ

Автор:admin

Апр 17, 2024
Spread the love

Бүгін #TazaShym жалпықалалық тазалық іс-шарасының екінші аптасы мегаполисте ауқымды істермен жалғасты. Акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» атауымен аталып, қаламыздың әулиелі жерлерін тазалаудан басталды. Абай ауданы әкімдігі тазалық жұмыстарын Шымкенттің кіре берісіндегі Темірші әулие кесенесінен бастады.
– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған республикалық «Таза Қазақстан» акциясын бүкіл халық болып қолдаймыз. Игі шараның аясында қаламыз көркейіп, қоршаған ортамыз тазаланып қалды. Ең бастысы жастарымыз бұл істен үлгі алып, тазалыққа белсене кірісуде, — дейді қоғам белсендісі, зейнеткер Орынша Тәжібаева.
Абай ауданы әкімдігі акция аясында Темірші әулие кесенесінің аумағын, «Алтын төбе» мешітінің айналасын, Бадам станциясына дейінгі көше бойын тазалап, 1000-ға жуық тал-дарақтарды әктеп, шөптерді орып, ретке келтірді. Жол бойындағы аялдамалар тазаланып, орындықтар сырланды. Тазалық жұмыстарына 500-ге жуық мекеме қызметкерлері мен қоғам белсенділері, жастар атсалысты. Сондай-ақ, іс-шарада 10-ға жуық техника жұмылдырылып, «KazStroi» ЖШС мекемесі, «СуШар» мекемес3нің 300- ге жуық қызметкері жұмыс істеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика