• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

СӘУЛЕДЕГІ 276 ОРАМДЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯДЫ

Автор:admin

Июл 27, 2023
Spread the love

Шымкент қаласы Тұран ауданының аумағында орналасқан 6 нысанға газ құбырларын жүргізу жұмыстары межеге сай жүргізілуде. Олар Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық аталатын нысандар.

Осының ішінде Сәуле шағынауданындағы 276 орамды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. «Ремстрой» ЖШС мердігер мекемесі жауапты құрылыстың жоба құны 512 млн. теңге тұрады.

Құрылысы 2022 жылы басталған нысанның қазіргі таңда ұзындығы 28 шақырымнан тұратын газ құбыры жүргізіліп бітті. Осы жылы тамыз айының соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 1263 тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады.

Нәтижесінде биыл Тұран ауданының табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу күтілуде. Айта кетейік, бүгінгі таңда қала тұрғындарын табиғи газбен қамту деңгейі 93 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 100 пайызға жеткізу көзделуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика