Қазақ халқы үшін әже образы — мейірім мен даналықтың, тәрбие мен руханияттың символы. Әжелер- отбасының берекесі, тәрбиенің қайнар көзі, ұлттық дәстүрдің шырақшысы.Осы тұрғыда , еліміздің әр өңіріндегі Әжелер алқасы отбасы тәрбиесін нығайтуда ,ұлттық құндылықтарды насихаттауда үлкен жұмыстар атқарып келеді. Осы игі істердің кезекті тәрбиелі іс-шарасы «Сәукеле кию- сәндіктен емес дәстүрден!» тақырыбындағы рухани тағылымды семинар өтті. Семинарға Аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің психологы Ұ.Әкімбай қатысып, Қыз ұзату салт-дәстүрінде қазіргі таңда байқалып жатқан негізгі өзгерістер мен жаңалықтар тақырыбында сырлы сұхбат берді.