Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан социолог, психолог, кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Достык үйі» ғимаратында «Ашық есік» күні өтті.
“Ашық есік” күніне «Право» қоғамдық қорының қызметкерлері, кәсіби медиатор Д.Байсерікова, социолог Н.Қарабек, психолог С.Закирова, заңгер И.Утеулиев қатысты.
Жиын барысында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына зорлық-зомбылық жағдайларында түскен бірқатар азаматшаларға кеңестер берілді.
Зорлық-зомбылық — жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлықзомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсаттарына жету үшін бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды. Алдын алу деңгейінде балаларға кез-келген түрде, соның ішінде дене жазалауы түрінде зорлық-зомбылық көрсетуге тыйым салатын заңнамамен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, ата-аналардың балаларын зорлықсыз тәрбиелеу дағдыларын үйде қызмет көрсету және жақсы ата-ана болу бағдарламалары сынды шаралар арқылы дамыту маңызды. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде, сонымен бірге, қосымша білім беру ұйымдарында балаларға арналған арнаулы бағдарламалар болуы қажет.
Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық – қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлыққа жол бермеуіміз керек. Бұл денсаулық пен өмірге қауіпті мәселе гендерлік теңсіздік, билікті теріс мақсатта пайдалану және жағымсыз нормалардан бастау алады. Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Гендерлік зорлық-зомбылық отбасылар мен қоғамдастық арасындағы байланысты әлсіретіп, елдердің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуіне жол бермейді.