• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 1 828 үйдің құрылысы басталды

Автор:admin

Июн 11, 2024
Spread the love

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысы қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қазіргі жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік бүлінген деп танылды. 17 295-інің зерттеу нәтижесі дайын. Бір апта ішінде ресімделген қорытындылардың өсімі 1 375-ті құрады. 2 245 нысан құрылысы, жылжымайтын мүлік нарығында 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде елімізде 1 828 үйдің құрылысы басталды, бұл 81%-ды құрап отыр. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облысында төмен қарқын мен жұмылдыру орын алуда. Ақтөбе облысы мен БҚО-да 2 122 үй әлі су астында қалып отыр.
Жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1 943 нысан сатып алынды. Бүгінгі таңда 1 772 үйдің иелері төлемдерін алған. Ахуалдық орталық және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы барлық кезеңдерде EGOV және «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін бақылайды. Цифрландыру есебінен іске асыру кезеңдері бойынша мониторингі қамтамасыз етілді. Әр өңірде жаппай құрылыс алаңдарында тәулік бойы онлайн қолжетімділігі бар 52 камера орналастырылған. Алдағы аптада Ақтөбе облысында қосымша 6 камера қосылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика