• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Автор:admin

Июл 31, 2024
Spread the love

1 маусымда елімізде шомылу кезеңі басталды. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, кешенді дайындық және алдын алу жұмыстары ұйымдастырып, жүзеге асыруда.
Қазақстанның барлық құтқарушысы шомылу кезеңінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоғары дайындыққа келтірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ алаңында хабарлады.
Оның айтуынша, үлкен үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды, осы мақсаттарға тартылған құтқару бөлімшелері қосымша қажетті құралдармен жабдықталды. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс жыл бойы жүргізіледі.
«Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің және мемлекеттік органдармен өткізілген отырыстарында қаралды. Жиналыс нәтижесінде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды. Әрбір тапсырма Төтенше жағдайлар министрінің жеке бақылауында. Осылайша, шомылу маусымының басталуына дейін және кезеңінде: теледидарда 2 мыңнан астам сюжет, радиода 6 мыңнан астам сөз сөйлеу, газеттерде 3 мыңға жуық мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 9 мыңнан астам пост, мессенджерлер және өзге де платформалар арқылы 726 тікелей эфир ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шаралармен 9 млн-ға жуық адам, оның ішінде 1,5 млн астам бала қамтылды», – деді спикер.
Сонымен қатар оқыту кезеңінде 52 мың бала жүзу дағдыларына оқытылды, бұл жұмыс жалғасын табуда. Профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу барысында 600 мыңнан астам көрнекі оқыту өнімдері таратылды. Министрлік ай сайын «Балаларды судан сақта» республикалық акциясын жүргізуде.
«Ішкі істер және көлік министрліктерімен бірлесіп су айдындарында адамдардың қаза болу қаупін азайту мақсатында тыйым салынған орындарда 60 мыңнан астам рейдтер мен патрульдеу жүргізілді. Анықталған заң бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-ші, 412-ші, 440-ші және 582-ші баптары бойынша 13 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді ведомство өкілі.
Жыл басынан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы «Судағы қауіпсіздікті сақтамағандары үшін» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны 8 есе ұлғайды, 905 айыппұл салынды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика